ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/20/2021 217

«ҚИЫНДАҚТА ЕЛ БІРГЕ»

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен  “Қиындықта ел бірге” атты қайырымдылық асары басталған болатын.

Акцияның мақсаты – қуаңшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қолдау. Бүгін сол көмектің алғашқы легі Арал ауданына келіп жетті. Аманатты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы арнайы келіп тапсырды.

Асарды ұйымдастыру жұмыстарын Зекет және қайырымдылық қоры жүзеге асыруда. Сапар соңында аудан әкімі Серік Сермағанбетов бас мүфтидің бұл бастамасына өз ризашылықтарын Арал ауданы халқының атынан білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі