ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/16/2019 184

Өкіл имам шалғайдағы Сексеуіл жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы облысымыздың шалғайда орналасқан Сексеуіл кентіне арнайы сапармен барды.

Өкіл имамның Қазалы ауданына жасаған сапары Арал аудандық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатымен кездесуге ұласты.

Бұдан кейін, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентіне жасалған сапар барысында мектеп оқушыларымен кездесіп, «білім алудың маңыздылығы», «ата-ананың разылығы», «ұстазға құрмет», «мейірімділік» тақырыптарында насихат айтып, ағалық ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, қасиетті жұма күні жергілікті мешітке жиылған жамағатқа «Ас ішу әдебі» тақырыбында айтылған жұма уағызынан соң, “Отанға махаббат”, “Дін ұстанудағы даналық”, “жат ағым зардабы” тақырыптарында насихат айтты. Жұма намазынан соң жамағат болып Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі