ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/13/2020 106

Мұңын ойла мұқтаждың

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның 30 жылдығының құрметіне қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру қолға алынып отыр.

Осы орайда, 2020 жылдың басынан бері Сыр мешіттері де «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың мұңын шағып, мұқтаждықтарын өтеген еді.

Сандық көрсеткіштермен сөйлер болсақ, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері жалпы облыс бойынша 240 отбасыға азық-түлік, 210 келі ет, 15 отбасыға киім-кешек, 5 тонна көмір үлестіріліп, әртүрлі қажеттіліктері бойынша 600000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.