ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/18/2022 288

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына арнайы барып, көңіл айтты. Қаралы үйге Құран бағыштап, туған-туысты сабырға шақырды.

«Қазақ мұндайда «тас түскен жеріне ауыр» деген. Әрине ет жақыныңнан айырылу оңай емес. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Қасиетті Құранда қиындықтан соң, бір жақсылықтың келетіні айтылған. Сынаққа сынбай, сабыр етсеңіздер, Жаратқанның пендесіне берер сыйы мол. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннаттық етсін!» деп жарылқау тіледі.