ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/06/2019 478

Мешіт жамағаттары арасында футболдан достық кездесу өтті

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағататры арасында футболдан достық кездесу өтті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бекіткен «Руханият және дәстүр» айлық жоспарына сәйкес өткен жарыста қала мешіттерінің жамағаттары мен облыстық ішкі саясат қызметкерлерінен құралған 6 команда сайысқа түсті.

Төрешілердің шешімі бойынша теңбіл доп алаңында озық ойын көрсеткен Қызылорда қалалық «Нұр», «Мүсірәлі» және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жамағаттарының құрамалары сәйкесінше жүлделі І,ІІ,ІІІ-ші орындарды қанжығаларына байлап, жеңімпаз атанды.

Тартысты ойын соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Толыбайұлы және Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерді құттықтап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, орын алмаған өзге командаларға да алғыс хаттар табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі