ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/28/2021 326

Үміт сыйла сәбиге

ҚМДБ “Зекет” қайырымдылық қоры мен Жастар ісі секторының Қызылорда облысы бойынша өкілдері еміне көмек сұраған балапанды зиярат етті.
Батыр баланың жағдайын сұрай барған мешіт имамдары 100 000тг көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, Алладан шипа тіледі.
“Осыдан 3 жыл бұрын екі баламмен бірге өзімді көлік қағып, бір балам қайтыс болды. Екінші балам соның салдарынан жгре алмай қалды. Баламды аяғынан тұрғызу отандық емханалар мен ауруханалардың табанын тоздырып келемін. Шүкір, жәймендеп жақсарып келеді. Енді Түркия елінің дәрігерлері баламның жүріп кетуіне үміт беріп отыр, алайда 4миллион теңге қаражат керек екен. Сіздер секілді қайырымды жандардың көмегіне мұқтажбын. Келіп қолұшын бергендеріңізге рахмет”-деп, Бақдәулеттің анасы өз ризашылығын білдірді.