ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/13/2019 320

«Нұр-Мүбарактық» араб ұстаздар Сыр жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген VIII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысына төрелік етуге шақыртылған «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушылары, PhD доктор Мухаммед Хаттаб пен Мадиһ Абдулла Сыр жамағатымен кездесті.

Араб ұстаздармен бірге Сыр еліне арнайы атбасын бұрған құрметті қонақтар – «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Сейддмұхаммед Абдунаим және «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының директоры Амангелді Еренғайыпұлы сәулеті келіскен “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде құптан намазын оқып, жамағатпен бірге дұға жасады.

Бұдан кейін қонақтар мешіт жанындағы асханада өтетін сенбілік «Балқымызға» қатысып, кездесуге жиылған 230-дан астам жамағатпен ақ дастарқан басында емен-жарқын сұхбат құрып, жылы лебіздерін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі