ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/15/2021 803

НАИБ МҮФТИ БАЛҚЫМЫЗ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы жұмыс сапарымен Қызылорда қаласына келді.
Сапар аясында қызылордалық  жамағатпен кездескен наиб мүфти облыстық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Мәуліт кешіне, бал қымыз шарасына қатысыты.
Аймақтың бас мешіті – “Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ұйымдастырылған рухани кеште Сансызбай қажы Құрбанұлы Сыр жамағатына Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірі жайлы және “Ихсан ілімі» тақырыбында өнегелі, ғибратты насихат айтып, емен-жарқын сұхбаттасты.
Сұхбат соңында жамағатқа сұрақтар қойып, белсенділік танытқан шәкірттерге кітаптар сыйлап, ақ дастархан басындаұлттық ойындардан сынға түскен  белсенді жамағаттың  жарысын тамашалады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі