ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен руханият орталығында жастармен кездесу өтті.
Аудан имамы Рахат Серікбайұлы жастарға зиянды әдеттер туралы айта келе, нашақорлық зияны туралы кеңінен тоқталып насихат айтты. Шара барысында психолог маман және жастар ресурсының басшысы өз пікірлерімен бөлісті.
Жастар аудан имамына көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

