ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/26/2020 60

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылдық “Қалжан ахун” мешітінің ұйымдастыруымен “Марафон 2020”  сайысы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы аясында, Мәуліт мерекесі және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн марафонда қатысушылар  “Адамзаттың асыл тәжі” кітабын оқу, Абай өлеңдерін жатқа оқу, спорттық жаттығулар жасау турлары бойынша  20 күн қатарынан бақ сынасты.

Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаз деп танылған  Ж.Камалов , Е.Хамитов, Н.Кенжебекұлы І,ІІ,ІІІ-орындарды қанжығаларына байлады.

Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барған Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерді құттықтап, І-орын иегеріне ұялы телефон, ІІ,ІІІ-орын ұтып алғандарға смарт сағаттар табыстаса, қалған қатысушыларды ынталандыру ретінде алғыс хатпен және қол сағаттармен марапаттады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі