ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/31/2021 113

“ПАЙҒАМБАРДЫ ТАНИМЫН” БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Нұр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастырумен “Пайғамбарды танимын” атты білім сайысы өтті.

Мәуліт айына орай, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өміртарихынан мешіт аралық сайыс өтті.

Қала мешіттерінің жамағаттарынан құралған 11 топ қатысып, Алла елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ғұмырбаяны мен сүннетін еске түсіріп, білімдерін ортаға салды.

І, ІІ, ІІІ-жүлделі орындарды иеленген “Ақмешіт-Сырдария”, “Төлен ата”, “Мүсірәлі ата” мешіттерінің шәкірттері жеңімпаз деп танылып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі