ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/26/2020 250

РАМАЗАН ЕСЕБІ: 2100 “АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ”, 1 ҮЙ, 1 ТОННА КҮРІШ, 500 КГ ЕТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза Айт мерекесінің құрметіне орай, өңірдің бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті 100 отбасыға, аудан мешіттері 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасаса, рамазан айының соңғы апталығында «Ауызашар қоржыны» акциясы аясында облыс бойынша 300 отбасыға азық-түлік салынған қоржындар және 7 отбасыға 68 кг ет үлестірді. Сонымен қатар, Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйытқы болуымен мүмкіндігі шектеулі жанға арналған арба сыйға берілді.
Айта кетейік,ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне өңірімізде ұйымдастырылған «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасында жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 2100 отбасыға азық-түлік салынған «рамазан қоржындары», 57 отбасыға 500 кг ет, 40 отбасыға 1 тонна күріш үлестіріліп, бір мүмкіндігі шектеулі жанға арналған арба және де «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында жас отбасыға баспана тарту етілді. Оның ішінде облыс Әкімі Гүлшара Наушақызы да 200 отбасыға арналған қоржын таратып, игі шараға өз үлесін қосқан болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі