ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/23/2020 183

РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ КҮНІНДЕ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ИМАМ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасының  №212 баспанасы Қармақшылық имамға бұйырды.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы рамазанның соңғы күнінде Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық «Әбу Ханифа» мешітінің имамы Е.Күдеровті облыстық мешітке арнайы шақырып  пәтер кілтін табыстады.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына отыз жыл толуына орай шалғай ауылдағы 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз ету шарасы  бастау алған болатын.

Аталмыш шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, үйсіз 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз етіп, қолдау білдіру.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі