ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/28/2022 90

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қасиетті Қадір түнінде қала мешіттерінің шәкірттері арасында өткен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары марапатталды.
Облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерге арнайы тағайындалған дипломдар мен қаржылай сертификаттарды табыстады. Ал, орын алмаған өзге қатысушыларға”Ploff city” дәмханасынан тамақ ішуге арналған 10 000 теңгелік ынталандыру сертификаттары берілді.
Айта кетейік, Рамазан айының 25-ші күнінде, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының мұрындық болуымен, «Мүсірәлі ата» мешітінде Қайрат Бөріқожаұлын еске алуға арналған қалалық байқау ұйымдастырылған болатын.
Жарыс шартына сәйкес, жалпы саны 72 үміткер Құран Кәрімді мәнерлеп және 1 парасын мен жарты парасын жатқа оқудан бақ сынасты.
Қарилардан құралған қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша:
Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқудан
І орын – Нұрлыбекұлы Иса
ІІ орын – Серікқали Арсен
ІІІ орын – Мырхиев Әбдікамал
Құран Кәрімнің жарты парасын жатқа оқудан
І орын – Қалабай Бақдәулет
ІІ орын – Иманалиев Сержан
ІІІ орын – Кенжебек Мұхаммед
Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан
І орын – Орынбай Дастан
ІІ орын – Модалиев Айбек
ІІІ орын – Дүйсенбек Бекзатхан үздік деп танылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі