
Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Астана қалалық «Әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында РАНТ мүшесі Ғазиз Нұртайұлы Қазалы ауданына қарасты «Жанқожа батыр», «Нұралы», «Әли Мұса», «Халық» мешіттерінде, Арал қаласы, Жақсықылыш кенті, Сексеуіл кенті, Қамыстыбас, Аманөткел ауылдарында орналасқан мешіттерде жергілікті жамағатпен жүздесіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қос ауданда да кент, ауыл мешіттерінің имамдарымен кездесіп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



