ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/20/2021 740

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СЫР ӨҢІРІНДЕ  10 ТОННА 329 КЕЛІ ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Оның ішінде 231 қой,  10 ешкі, 55 сиыр, 1 түйе құрбандыққа шалынып, 1878 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Құрбан айт мерекесі пендені Алла тағалаға жақындатып қана қоймай, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартатын және ынтымақ-бірлігін арттыратын ұлық мереке екені сөзсіз. Осыған орай, әрбір шамасы келген мұсылман баласы Алла жолында құрбандық малын шалып, игілікті іске үлестерін қосып, мұсылмандық мінез танытады. Алланың әмірімен Құрбан айт мерекесінде арнайы құрбан малы шалынатыны белгілі. Алла тағаланың Құран Кәрімде «Намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар, 108, 3), — деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптілігін білдіреді.

Облыс имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған жұмыс тобы қауіпсіздік, санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ұлық мерекеде онлайн форматта құрбан шалуға  ниет еткен жандарға жол көрсетті. Сондай ақ, мұқтаж  отбасыларға Құрбан еттерін бүгін, дер кезінде жөнелтіп отырды.
Игілікті шара айт мерекесі бойы, яғни үш күнге созылады. (20-22 шілде аралығы)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі