ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/25/2021 265

«Рухани тәрбие – отбасы бірлігінің бастауы»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Рухани тәрбие – отбасы бірлігінің бастауы» тақырыбында рухани кездесу өтті.
Шарада сектор жетекшісі Л.Сыдықова отбасы институтында ихсан ілімінің алатын орнына тоқталып, дін мен дәстүрге негізделген рухани тәрбие турасында түсіндірді. Сонымен қатар, ақжаулықты әжелер бойжеткен қыз балалар мен жас келіндерге өнегелі өмірлерінен ғибратты мысал келтіріп, шаңырақ шаттығын сақтаудағы әйел адамның атқарар рөлі мен ана сүті арқылы баланың көркем мінез-құлқын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі