ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/25/2019 211

Сансызбай Құрбанұлы Жаңақорған жамағатымен жүздесті

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында сапарда болды.

Сапар барысында Жаңақорған ауданына қарасты мешіт имамдарымен дөңгелек үстел өткізіп, имам келбеті, имамның қоғамдағы рөлі, ұлттық болмыс пен отбасы құндылықтарын насихаттау мәселелері бойынша дәріс берді.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттап, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шара аясында, ҚМДБ бөлім меңгерушісі ауданға қарасты Түгіскен, Бесарық, Бірлік, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, сұхбат жүргізді.