ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/19/2022 12

ШӘКІРТТЕРГЕ МУЛЬТФИЛЬМ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы, “Мүсірәлі сопы әзіз” мешітінің ұйымдастыруымен “Мұхаммед – Алланың елшісі” атты мультфильмнің көрсетілімі өтті.
Пайғамбарымызды ( Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) таныстыру және оған деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткен шарада мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері қатысты.
Бір жарым сағатқа созылған мультфильмнен соң шәкірттер ұстаздары дайындаған  дастарқаннан  дәм татып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі