ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2020 110

ШИЕЛІДЕГІ «ДӘМДІ» АСХАНАСЫ ҚМДБ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Шиелі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында  «Дәмді» асханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.
«Дауренбеков Д.А» ЖК «Дәмді» асханасының өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексеруінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
«Дауренбеков Д.А» ЖК, «Дәмді» асханасы
ҚР, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,Сейфуллин көшесі, 4/6 үй
Тіркеу нөмірі №000396
“ҚМДБ халал сертификаттау” саласына қатысты сұрақтар бойынша 87472513099 нөмірі арқылы Қызылорда облысындағы жауапты маманмен кеңесе аласыз.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі