ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/17/2019 204

Шиелілік жамағат білімдерімен жарысуда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттар арасында білім сайысы өтті.

«Бір үммет, бір мақсат, бір жамағат!» ұранымен өткізілген шарада Шиелі ауданы және ауданға қарасты ауыл мешіттерінің жамағаттарынан құралған топтар Пайғамбарымыз (с.а.у) өмір баяны мен фиқһ саласы бойынша жарысып, өз мешіттерінің намысын қорғады. Нақтырақ айтқанда, Сафиур-рахман Әл-мубаракфури-дің “Мұхаммед пайғамбар өмірбаяны” атты кітабының 200 беті бойынша сайысқа түскен жамағаттардың Алла елшісінің (с.а.у) өмірімен қоса сахабалардың есімдерін жаттағаны қатты қуантты.

Білім сайысының қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ-ші жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған Балаби ауылының жамағаттары, Шиелі ауданы “Нұр-Иман” мешітінің жамағаттары, Шиелі аудандық орталық мешітінің жамағаттары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі