ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен “Пайғамбар өмірі” атты командалық білім сайысы өтті.
Адамзаттың асылы – Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихына арналған жамағаттар арасында интеллектуалды білім бәйгесінде Қалалық орталық “Нұр” мешітінің найб имамы Азат Әбдіқали сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, 5 адамнан құралған 5 команда арасынан жеңімпаз атанған:
І орын — “Рамазан” тобы (35 000 тг)
ІІ орын — “Алаш” тобы (25 000 тг)
ІІІ орын — “Фирдаус” тобы (15 000 тг) жүлдені қанжығаларына байласа, Ислам Орынбасарұлы есімді қатысушы белсенділігі үшін арнайы ҮЗДІК ОЙЫНШЫ деген марапатпен бағалы сыйлыққа ие болды, қалған қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.



