ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2023 28

СЫР ИМАМДАРЫ CАЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақ мешіттерінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағышталды.

Нақтырақ айтар болсақ, Сыр имамдары тарих қатпарларындағы осынау зұлмат жылдарда дүниеден өткен ұлт зиялылары үшін Алладан жарылқау сұрап, дұға тіледі.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы зиялы қауым өкілдерімен бірге  қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш басында  қасіретті кезеңді еске алу іс-шарасына қатысып, облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде құран бағыштаған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі