ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/15/2020 137

СЫР ИМАМДАРЫНЫҢ  ЖИЫНЫ ӨТТІ

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен имамдар жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала мешіттерінің бас имамдары офлайн және Байқоңыр қаласы мен 7 ауданның Бас имамдары онлайн қатысты.

Жиында ҚМДБ тарапынан келген бірқатар тапсырмаларға сәйкес,  жұқпалы індеттің алдын-алу мақсатында мешіттерде тазалық талаптары қатаң сақталып, мешіттің ішкі тәртібі бұзылмауын ескертті. ҚМДБ тарапынан берілген сақтық шараларын халыққа кеңінен түсіндіріп, сабырлыққа шақыруды, мешіттердегі сабақтар мен уағыз-дәрістерді онлайн режимде тұрақты өтуін қадағалауды, өткізілген сабақтар мен дәрістер whatsApp мессенджерінде құрылған топтарда мешіт жамағаттарына жіберіліп отыруын және жалған ақпараттар таралмауының алдын алу үшін әрбір қала, аудан, ауыл имамдары әлеуметтік желілерде де белсенділік танытып, дер кезінде жауап беріп отыруын, теріс пиғылды адамдардың  ел арасында дүрбелең туғызбауын бақылауды  қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, ЖАНТ мүшелеріне жат ағым жетегінде кетудің алдын-алу мақсатныда түрлі форматта жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі көбейтуді тапсырды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі