ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/09/2019 248

СЫР МЕШІТТЕРІ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ (фото)

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан мешіттерінің Бас имамдары 2019 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген төрт бағыт: оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылық бағыттарынан бөлек Басқарма тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен қоғамға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдарына атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер берді, сонымен қатар аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Жиында Бас имам дін қызметкерлеріне Алматы қаласында өткен кеңейтілген Төралқа отырысында талқыланған мәселелерге тоқталып, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен таныстырды.

Сөз соңында аталмыш жылда белсенді атқарылған игі жұмыстар үшін алғыс білдіре отырып, келер 2020 жылы бұдан да жоғары деңгейде жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі