ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/01/2023 9

СЫР ҮЗДІКТЕРІ БАС МҮФТИДІҢ МАРАПАТЫМЕН МАДАҚТАЛДЫ

Кеше Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде өткен өңір имамдарының кеңейтілген алқалы жиынында Сыр үздіктері ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Нақтырақ тоқталар болсақ, облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы 2022 жылы жүйелі жұмысымен үздік нәтиже көрсеткен өкілдіктегі бөлім жетекшілері: Жақсыбек Әбенов, Оңталап Жидебай, Қайырбек Отызбаев, Айтжан Жексеновтерді Бас мүфтидің мадақтамасымен марапаттап, жылы лебізін жеткізді.
Айта кетейік, 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында ұйымдастырылған «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімінде Қайырбек Отызбаев – «Үздік наиб имам-2022» атанса, Ислам Қаюпов «Діни оңалту саласының үздігі-2022» деп танылған болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі