ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/26/2020 85

СЫРДАРИЯДА ЖАҢА КӨПІР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде жаңа көпір халық игілігіне берілді.
Ауданға жұмыс сапармен барған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы көпірдің лентасын қиды.
Кенттегі көпір жаяу жүргіншілерге арналған, жалпы ұзындығы 12 метр, ені 1,70 метрді құрайды.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» жобасы аясында Қармақшы мен Сырдарияда қорым қоршалып, Арал мен Қазалыдағы ауылдарда құдық қазылса, Шиелі ауданына қарасты ауылда көпір ел игілігіне берілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі