ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/04/2023 110

СЫРДЫҢ ЖАНАШЫР ЖАСТАРЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен аймақта бірқатар қайырымдылық шаралары өтті.
Қасиетті Ережеп айы басталғалы қайырымдылық жасаудан қалыс қалмай, мешіт имамдарының ізінен ерген жанашыр жастарымыз да әрдайым игі істердің қасынан табылуда.
Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда қаласында өткен акцияда сырбойылық жастар 10 отбасыға көмек көрсетсе, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында өткен шарада да 10 отбасыға бір айлық азық-түлік қоржындарын таратты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі