ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/12/2019 300

Танымал әнші қызылордалық ауыл халқына мешіт сыйлады

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Алдашбай ахун ауылында жаңа мешіт ашылды.

Мешіттің ашылу рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Ә.Сманов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, ауыл ақсақалдары және С.Ерімбетұлының ұрпақтары сөз сөйлеп, салтанатты түрде мешіт лентасын қиды.

Әбдіжаппар Әлқожаның демеушілігімен салынған жаңа құлшылық үйі 70 адамдық ерлер залы және 30 адамдық әйелдер залынан тұрады, яғни жалпы сыйымдылығы 100 адамға шақталған.