ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/16/2022 503

ТЕМІРЖОЛ БЕКЕТІНДЕГІ ЖЫЛУЛЫҚ

Жыл басында елімізде орын алған оқиғаға байланысты біртақатар пойыздар діттеген жеріне жете алмай, облыс төңірегінде тұралап қалған еді.
Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Арал және Қазалы, Қармақшы аудандық Жастар ісі секторының мұрындық болуымен мешіт жастары да аймақтағы белсенді тұрғындармен бірге жолда қалған жолаушыларға қамқорлық көрсетуге асықты.
Теміржол бекетінің басында бірі ыстық тамақ әзірлесе, енді бірі ас-суын таратып құрақ ұшып жүгіргенін көрген жолаушылар мейірімді жастарға ақ баталарын жаудырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі