ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/23/2023 9

ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ

Алла Тағала Құрандағы «Исра» сүресінің, 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған. Асыл дініміз дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады және одан кейін де дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге үндейді. Қайтыс болған адамның есеп-қисап болатын қияметке дейінгі уақытша мекені болған қабірлерді таза ұстау – баршамыз үшін қайырлы іс саналады.
Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Арал аудандық орталық мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен белсенді жастар «Өткенге құрмет – тіріге міндет» ұранымен жергілікті зираттарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі