ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/03/2019 250

Қыздар арасында білім сайысы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде “Біліммен нұрланған жүректер” тақырыбында интеллектуалды білім сайысы өтті.

Шара қасиетті Құран Кәрім аяттарымен ашылып, алғы сөз алған облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қалалық мешіттердегі діни-сауатын ашу курсында білім алушы шәкірт қыздардан құралған үш топ “Ұяшық таңда”, “Топ басшылармен жұмыс”, “Логикалық сұрақтар” кезеңдері бойынша білімдерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының бағалауы бойынша :

I-“Алғырлар” тобы

II-“Зейінділер” тобы

III-“Білімділер” тобы жүлделі орындарды өзара бөліп алып, диплом, алғыс хаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, көрермендер арасында «Белсенді көрермен» ойыны ойнатылып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды.