ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/22/2021 736

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 28 ТОННА 271 КЕЛІ ҚҰРБАН ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ


Сыр өңірінде Құрбан шалу рәсімі тыңғылықты дайындықпен, жылдамдатылған жұмыс тобының қызметімен, облыс тұрғындарының ризашылығымен жоғары деңгейде өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Құрбан шалуға тапсырыс беру өңірімізде  қашықтықтан ұйымдастырылды.
Айт күндері  атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 945қой, 17 ешкі, 112 ірі қара, 2 түйе құрбандыққа шалынып,  4871 отбасыға,
28 тонна 271 келі құрбан еті үлестірілді.

“QURBAN 2021” жобасы аясында қашықтықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуына  Сыр өңірінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған қала және аудан мешіттерінің имамдары,  300-ден астам ерікті жамағат үлес қосып, 200-ге жуық автокөлік жұмылдырылды. Облыс бойынша 10 қасапханада Құрбан шалу рәсімі өтті.

Қасиетті мерекеде халық игілі үшін белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, қайырымдылық жасауға үлес қосып, қуаныш сыйлаған барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Жаратушы Иеміз баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптардан жазғай!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі