ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/16/2019 278

Қызылордада 25 тонна құрбан еті таратылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіт қызметкерлері қасиетті Құрбан айт мерекесінде аймақ халқына құрбан шалу құлшылығының ойдағыдай атқарылуына көмектесті.

2019 жылғы Құрбан айт мейрамында жалпы облыс бойынша 3 түйе, 71 ірі қара, 1156 қой құрбандыққа шалынып, шамамен 25 тонна 543 кг құрбан еті 5725 отбасыға үлестірілді.

Олардың ішінде “Қарттар үйі”, “Атамекен” балалар ауылы, мектеп интернат, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы отбасылар бар.