ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/16/2021 148

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИХСАН ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан мұсылмнадары діни басқармасы «Muftiyat» баспасының директоры, «Ихсан. Рухани тәрбие» бағытының жауапты жетекшісі Әбдіхалықов Мұрат Сыр имамдарымен кездесіп, «Рухани тәрбие ихсан ілімі» тақырыбында семинар өткізді.
Аймақтың бас мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облыс бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинарға өңірдің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған мешіт имамдары қатысты.
Имамдарға арналған рухани семинарда Мұрат Манапұлы Хәкім Абайдың кемел адам концепциясы аясында ихсан ілімі туралы дәріс оқып, имамның тұлғалық келбетін сипаттап берді. Сөз соңында сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі