ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2022 39

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ХАНЫМДАР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУД

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» атты рухани кеш өтті.
Шараның мақсаты – ұлт болашағы болған ұрпақты тәрбиелеуде шаңырақтың шырайын кіргізетін әйел-ананың атқарар рөлі маңызды екенін түсіндіру, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу.
Қала мешіттерінің ұстаздары мен жамағаты бас қосқан жиында ұлттық құндылықтар насихатталып, ғибратты көріністер қойылды, күй-термелер тыңдалып, ұлттық киімдер үлгісінен сән көрсетілімі болды.
Сонымен қатар, салт-дәстүрден алынған сұрақ-жауап пен мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылып, кәде-сыйлар таратылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі