ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11 Маусым, 2019 144

«ҮЗДІК ИМАМҒА» ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сыдария» орталық мешітінде өткен Сыр имамдарының алқалы жиынында үздік қызметкерлер марапатталды.

Аймақтағы мешіттерде қызмет атқарып келе жатқан имамдар, наиб имамдар және ер, әйел ұстаздардың қатысуымен өткен жиын соңында Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар бойынша асыл дініміз исламды көркем насихаттау жолында елеулі үлес қосып, қажырлы еңбегімен көзге түскен белсенді қызметкерлерді, атап айтар болсақ, ауданы мешіттерінде қызмет атқарып келе жатқан Б.Улжаев, Б.Сүлейменов, Ж.Абенов, Қ.Қайырғалиев, қала мешіттерінен М.Үркімбаев, Қ.Отызбаев, О.Жидебаев, Б.Ырысбай секілді имамдарды алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, «Үздік имам» номинациясы бойынша марапатталған Қармақшы ауданының Бас имамы Жақсыбек Абеновке өкілдік тарапынан тағайындалған шипажайға тегін жолдаманы салтанатты түрде табыстады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі