ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/24/2023 6

ЖАҢАҚОРҒАНДА “КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің ұйытқы болуымен “Күшіміз бірлікте” қайырымдылық акциясы өтті.
Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай ұйымдастырылған сауапты шараға облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысты. Ізгілік акциясында сөз алған бас имам жаңақорғандықтарды қасиетті айдың келуімен құттықтап, 50 отбасыға азық-түлік салынған қораптарды табыстады.
Сонымен қатар, игі шара соңында аудандық мешітте 20 жылдан астам уақыт азан шақырып жүрген Жұмаділлаев Кенжебай мен наиб имам Орынбасаров Дәулетке ұмра қажылығына жолдама табысталды. Айта кетейік, дін қызметкерлерінің кіші қажылыққа баруына жергілікті мешіт жанашырлары демеушілік көрсетуде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі