ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/28/2021 707

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша жастар секторының ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекеттің құндылықтарына сәйкес діни сананы қалыптастыру мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов қатысып, мешіт ұстаздарына жастардың қоғамдағы рөлі, тәрбие, ата-анаға мейірімділік сынды тақырыптарды насихаттады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Асхат Ерубай «Жастар көзқарасындағы зайырлылық және дін ұғымдары» тақырыбында баяндама оқыды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша жастар секторының жетекшісі Айтжан Жексенов «Әсіре діншілдіктің алдын алудағы жастар секторының рөлі» тақырыбында баяндама оқып, 2021жылы атқарылған іс шаралар легімен таныстырды
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі