Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінде “Ұстазға құрмет” тақырыбында семинар өтті.
Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шарада Байқоңыр қаласының бас имамы Өміржан Жұмаділдәұлы жастарға тақырып аясында насихат айтты.
Сондай-ақ, бос уақытты тиімді өткізу, жан-жақты даму, ұстаздар мен ата-анаға құрмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды.