ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/30/2021 128

ЖАСТАР АРАСЫНДА «60 СЕКУНД» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы мен облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «60 секунд» инттеллектуалды жарысы өтті.

Шараның мақсаты—инттеллектуалды ойындар көмегімен жастар арасында кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, кітап оқуға деген ынтаны арттыру,  тығыз кәсіптік және жеке қарым-қатынасты нығайту, белсенді жасатрды анықтау болып табылады.

Сол жағалаудағы жастар ғимаратында ұйымдастырылған сайыста мешіт жамағаты мен қаланың белсенді жастарынан құралған топтар Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда» романының 1-кітабы  бойынша білімдерін ортаға салып, өзара бақ сынасты.

Сайыс нәтижесіне сәйкес, «Кітап құрттары», «Нұр-Әли», «Ыбырайым молда» командалары жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды қанжығаларына байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі