ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/31/2021 764

ЖАСТАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен университеттің Студенттер сарайында кітап оқудан  кезекті жарыс өтті.

І.Есенберлиннің «Кһшпенділер» трилогиясының  І-ІІ бөлімі желісінде өткен сайыс шарты бойынша аталмыш кітаптарды толығымен оқып шыққан мешіт жамағатынан құралған командалар сұрақ-жауап арқылы шығарма мазмұнына қайта шолу жасайды.

Интеллектуалды сайыс қорытындысына сәйкес, «Мүсірәлі», «Кітап құрттары», «Мүбарак» командалары жүлделі І, ІІ, ІІІ-орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі