ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2019 338

ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Жеті рухани қазық – жастар ұстанымы» атты Сыр жастарының облыстық форумы өтті.

Форумның мақсаты – жастар жылын Қызылорда өңірі бойынша қорытындылау, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жолында түрлі сала мамандарының тәжірибелері арқылы жас қазақстандықтарды имандылыққа, парасаттылыққа, ауызбірлікке, белсенділікке үндеу. Рухани құндылықтарымызды бойға сіңіріп, сапалы ұлт қалыптастыру кезеңінде үлес қосуға насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, 23 қазанда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына үн қосу болып табылады.

Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Абуов Болатбек Ұласқанұлы, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жанұзақов Қуаныш, қазақ эстрадасының әншісі, Сыр елінің тумасы Ибрагимов Серік Жарылхасынұлы, «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиал төрағасы Тілес Талғат Оспанұлы, айтыскер ақын Ниязов Мұхтар Мәуленұлы, Нұр-Мұбарак университетінің докторанты, Байқоңыр қ. «Жәрімбет ата» мешітінің Бас имамы Құрманбаев Дастан Жанасұлы, әуесқой бокстан аса ауыр салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Қонқабаев Қамшыбек, жасөспірімдер арасында дзюдодан Олимпиада чемпионы Жауынтаев Бауыржан, жастар арасында дзюдодан әлем чемпионы Шамшадин Мағжан, «Жылы Жүрек Жастар» қоғамдық қорының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы, «Әділет» студиясының директоры Байнашев Әділет Нәбиұлы, «Қорқыт құрамасы» жайдарман тобының мүшесі, «Ең үздік ойыншы-2012», «Қабатов-шоу» тележобасының актері Асылхан Әбілханұлы, «Аралас құрамасы» жайдарман тобының мүшесі Скендіров Ақылбек сынды қонақтар арнайы шақырылып, аудандағы «Жастар ісі» секторына жауапты мамандар, университет және колледж тәрбие ісіне жауапты мамандары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Алғы сөз алған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің Сыр өңіріне жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, форум ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ризашылығын білдірді.

Жиында қонақтар ойларымен бөліскен соң, өңірдегі жастар саясатын жүргізуге үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаровтың алғыс хатымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі