ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/13/2019 220

Жастармен кездесу тұрақты түрде жалғасуда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен 12.03.2019ж қаламыздағы Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі және Абылайхан колледжінің жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамы Жексенов Айтжан Мұсаұлы және “Жастар ісі секторының үйлестірушісі Серік Əбіл қатысты. Жастарды білім алуға, ұстазды құрметтеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастарды зиянды əдеттерден аулақ болуға орай насихат айтылды. Сонымен қатар қасиетті “Ережеп, Шағбан және Рамазан айларының маңыздылығы жайында айтылды. Студент жастар тарапынан ризашылықтарын, өз ойларын білдіріп, сұрақ жауапқа ұласты.

 #muftyat #jastarsektory#2019jastarjyly #kyzylorda