ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/29/2022 40

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Арал және Жаңақорған жастарымен кездесу өтті.

Нақтырақ айтар болсақ, Арал аудандық орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Кеңесханов әскери комессиярат мекемесінде жастармен сұқбаттаса, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің наиб имамы Дәулет Орынбасаров 194 орта мектеп оқышыларымен жүздесті.

Дін өкілдерімен өткен кездесуде мешіт имамдары құқық бұзушылық, суицид, діни экстремизм, зиянды әдеттерден сақтану турасында насихат айтып, сауалдарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі