ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/26/2020 84

«ЖЫЛУ СЫЙЛА» СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Сырдария аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы игі шараға арнайы қатысты. Жылу маусымында мұқтаж отбасылардың мұңы ескеріліп, жылулық сыйланған шарада 5 тонна көмір 5 жанұяға жеткізіледі.
Айта кетейік, қыстың аязды күндері отын-көмір сатып алуға шамасы келе бермейтін тұрмысы төмен үйлерге көмек көрсету мақсатында «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Аталмыш бастама Сыр имамдары тарапынан қолдау тауып, облыс көлемінде жүзеге асырылуда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі