ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты

НАИБ ИМАМ: Қаюпов Ислам Маратұлы

Қаюпов Ислам Маратұлы – 1994 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары

2015-2018 жж. Қызылорда қаласы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2018-2020 жж. Алматы қаласы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, үздік дипломмен бітірген.

2016-2018 жж. Алматы қалалық «Муззаммил» мешіті жанындағы қарилық курста Құран Кәрімді толық жаттаған қари.

Меңгерген тілдері: Қазақ, орыс, араб тілдері

Қосымша:

ЖАНТ мүшесі

Дзюдо күресінен спорт шеберіне кандидат атағы берілген.

Еңбек жолы:

2019-2020 жж. Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінде наиб имамдық қызмет атқарып келді.

2020 жылдың 5-маусымнан бастап ҚМДБ төрағасының №925 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Үйленген.