ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты

Жаңақорған ауданы

Өмірбаян

Мен, Наметов Әбдіхалық Махмутұлы  1965 жылы  Қызылорда  облысы  Жаңақорған ауданы  Жаңаарық  ауылынды  дүниеге  келдім.

 1972-1982жж аралығында  10 жылдық  мектепті  оқыдым.

1984-1987жж  аралығында  2-жылдық  Совет  Армиясында  борышымды  өткердім. 

1989 жылы  Қазақ  Дене  Тәрбиесі  институтына  түсіп, 1994 жылы  осы  институтты  бітірдім.

2013-2014жж Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығында  діни  білім  алдым.

1995 жылдан  бері  осы  елді  мекенде  молдалық  қызмет  атқарып  келемін.

Қазақстан  Мұсылмандары  Діни  Басқармасының  Бас  мүфтиі  Ержан  қажы  Малқажыұлының  №1587,  23.09.2014  жылғы бұйрығымен  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  ауданы  Жаңаарық  ауылындағы  «Жаңаарық»  мешітіне  имам  болып  тағайындалдым. 

Имамдық  жұмысты  абыроймен  атқара  келе  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  кентінің  ақсақалдары  мен  кент  тұрғындарының  ұсынысымен, Қазақстан  Мұсылмандары  Діни  Басқармасының  Бас  мүфтиі  Наурызбай  қажы  Тағанұлының  №1191, 22.06.2020ж  бұйрығымен  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  кенті  «Жаңақорған  аудандық»  мешітіне  Бас имам  болып  тағайындалдым.

Отбасылық  жағдайы  үйленгенмін. 1-ұл  және  1-қыз  тәрбиелеп  отырмын.