Шиелі аудандық орталық мешіті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті С.Кәрімбаев 16 үйде мешіт орналасқан.
Бұл мешіт 1998 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Шиелі ауданы тұрғындарының демеушылыгімен 1988 жылы салынуы басталып, 7-8 жыл тұрып қалған кезде Шорабаев Абдуманап жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынып біткен.
400 адам бір мезетте намаз оқи алады.
Мешіттің кең ауласы көгалдандырылып, жамағаттың дем алып отыруына қолайлы орындықтар қойылған және де ауланың жүретін аралықтарына тас плиталар төселген.
Мешіттің жалпы жер көлемі 0,42 га құрайды.