ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты

Өкіл имам

Өкіл имам

Болатбек Ұласқанұлы Абуов 1982 ж. Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі:

2003-2008 жж. жоғары (5 жыл) Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті; Мамандығы: Аударма ісі; (үздік диплом)
2008-2010 жж. Магистратура. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті; Мамандығы : Араб филологиясы;
2011-2013 жж. Екінші жоғары білім Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті; Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару;
2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институты;
2012-2015жж. Докторантура. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті; Мамандығы: Шетел филологиясы.
2017ж. Экстремизмді алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты.
Қосымша:
2000-2001 жж. Алматы қ., ҚМДБ жанындағы діни сауат ашу курсы;
2006 ж. Египет Араб Республикасы, Әл-Миния университетінде білім жетілдіру курсы;
2007 ж. Сауд Арабиясыда қажылық парызын орындаған;
2012 ж. Қатар, Доха қаласындағы Исламтану университетінде өткен араб тілі және исламтану мамандығы бойынша білім жетілдіру;
2013ж. ЕАР Каир университеті Әдебиет факультетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім жетілдіру;
2015ж. Малайзия, Теренгану штаты, UnisZA университетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім жетілдіру;

Жұмыс өтілі:
1999-2002 жж. Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам;
2005-2008 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары;
2008-2010 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы;
2009-2012 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы;
2010-2014жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі;
2014-2018жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы;
2018 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Мешіт мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №11а

Мешіт тел.: 8  (7242) 21-47-15